Блог статистикасы
195
Жазбалар
4924
Өтініштер
194573
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Курстар туралы ақпарат

2019 жылдың 17 маусымында республиканың барлық аймақтарында, соның ішінде Қостанай облысында халықтың сандық сауаттылығы курстары басталды.

Биыл оқу бес бағыт бойынша жүргізіледі:

1 бағыт: дербес компьютер мен ноутбукті, мобильді құрылғыларды, Интернет желісін пайдалану дағдыларына үйрету;

2 бағыт: "Электрондық үкімет" порталын пайдалануды, оның ішінде электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуды оқыту;

3 бағыт "Ашық үкімет" порталын пайдалануды оқыту, диалогтық алаңдарды ұйымдастыру, мемлекеттік органға жүгінбестен ашық түрде орналастырылған ақпаратты алу дағдыларына оқыту;

4 бағыт: электрондық сауда дағдыларына оқыту – онлайн режимінде тауарлар мен қызметтерді сатып алу және сату;

5 бағыт: дербес деректерді қорғауды ұйымдастыруды оқыту, ақпараттың таралуын болдырмау.

Оқыту курстары барлық ниет білдірушілерге тегін беріледі.

Халықты оқыту кезеңі а.ж. маусым-тамызы.

Сабақ өткізу мерзімі мен орны туралы облыстың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, сондай-ақ   «IКomek»   жедел әрекет ету орталығы арқылы 109 нөмірі бойынша анықтауға болады.

 







хат жіберу